16.05.2022 | invalid

Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Бүгін, 16 мамырда бокстан Түркиядағы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері өтіп жатыр. Алғашқы болып Ыстанбұл рингіне шыққан қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 кг дейін) үндістандық Ниту Нитуды ұтып, жартылай финалға шықты. Есеп 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде бір қола медаль бар.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова осыған дейін серб Снежана Сильковичті, канадалық Приянка Диллонды ұтқан. Енді ол финал жолдамасын болгариялық Севда Асеновамен сарапқа салады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес