![](/img/news/4e62e93a0f28433f924fcc5cfa0f9bb6.jpeg)
23.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпы есепте 1-орын алды
Бүгін Оңтүстік Корея астанасында маунтинбайктан сары құрлық чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыста велошабандоздар 9 шақырым болатын кросс-кантри элиминатор бағдарламасында кім мықтыны анықтады. Әр айналым сайын 4 спортшыдан үздік уақыт көрсеткішін анықтаған сайыста Алина Саркулова чемпион атанды. Бұл оның Азия чемпионатындағы 2-медалі. Қазақстандық спортшы кеше 16.45 шақырымға созылған кросс-кантриде қола жүлде жеңіп алған.
Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Виолетта Казакова мәре сызығына Алинадан кейін келіп, күміске ие болды.
Айта кетейік, бәсекеге 17 елден 200-ден астам велошабандоз қатысып, бақ сынады. Жалпы есепте 3 алтын, 3 күміс пен 1 қола медалі бар Қазақстан құрамасы 1-орын алды. Ал Жапония (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) 2-ші болса, Оңтүстік Корея мен Таиланд екеуі (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) 3-сатыны бөлісті. Биыл мұнда барлығы 10 мемлекеттің спортшысына жүлде бұйырды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық![](/img/news/a51e009c0a89bd559debec6ef1a80cf4.jpg)
![](/img/news/cefce72c33f45e6ddbb3ae730c1309b4.jpg)
![](/img/news/81cc41c2b9a5d2c761d9f3ca8f6a5f13.jpg)
Денис Сергиенко командаға тағы бір жүлде сыйлады
![](/img/news/536e6487b8a762ff04048344dd64690c.jpg)
Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер