06.02.2023 | 15:07

Қазақстан құрамасы Джакартадағы Әлем Кубогі кезеңінде жалпы есепте 1-орын алды

Индонезия астанасы Джакартада өткен винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогында Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды. Ел намысын 15 спортшы қорғап, олар 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Әлемдік додаға барлығы 32 елден 350 спортшы қатысты.

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин, Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы қол жеткізді.

Индонезиядағы Әлем Кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге мүмкіндік беріледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес