24.11.2022 | invalid

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын сәтсіз бастады

Бүгін Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мен Инчон қаласында қол добынан әйелдер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды.

В тобындағы алғашқы турда Қазақстан құрамасы тарысты өткен матчта Қытайға есе жіберді. Есеп: 26-28.

Бұл топта тағы Жапония, Таиланд пен Гонконг құрамасы бар. Қазақстандық арулар ертең, 25 қарашада Гонконгпен ойнайды. Сосын 27 қарашада Таиландпен шеберлік байқасып, соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.

Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;

Құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Биыл Оңтүстік Корея гандбол федерациясы (KHF) 3-мәрте Азия бәсекесін ұйымдастырып жатыр. Биылғы сары құрлықтағы үздік 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес