26.11.2023 | 20:08

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 22 медаль иеленді

Бүгін Португалияның Албуфейра қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Олар фулл-контакт, лоу-кик және К1, кик-лайт секілді төрт бөлім бойынша сынға түсті. Бәсекеде әлемнің 70 елінен 573 спортшы қатысты.

Ұлттық құрама нәтижесі келесідей:

Фулл-контакт:

Чемпион – Марғұлан Айдарұлы (75 кг)

Күміс – Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ғанза (81 кг)

Қола – Дінмұхамед Баймұратов (51 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг)

Лоу-кик:

Чемпион – Диас Карманов (57 кг)

Күміс – Алихан Оздоев (67 кг)

Қола – Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сауханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг)

К1:

Чемпион – Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг), Нұрдаулет Қалшора (57 кг)

Қола – Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рахимзанов (91 кг)

Кик-лайт:

Қола медаль – Мереке Жүнісова (+70 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг);

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес