28.10.2023 | 15:18

Руслан Степанов – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында кикбоксингтен жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Спорттың бұл түрінен ел намысын лоу-кик санатында Руслан Степанов (81 кг) пен Шара Хамзина (65 кг) қорғады.

Руслан жартылай финалға дейін сүрінбей жетіп, осы салмақтың үздігі атанған бразилиялық Лукас Рафаэль Ферраз дос Сантосқа аса тартысты айқаста жол берді. Есеп: 1-2. Осылайша, Ұлттық құрама спортшысы мысырлық Абдулла Хусейн екеуі үздік үштікті түйіндеді.

Ал Шара ширек финалда хорватиялық Мария Бодачтың мықтылығын мойындап, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Жалпы кикбоксингтен жауынгерлік өнер ойындарында 28 мемлекет жүлде алды. Көш басында 3 алтыны бар Мажарстан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес