01.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы кёрлингтен барлық құрлық чемпионатында өнер көрсетіп жатыр
Канаданың Калгари қаласында алғаш рет керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионат (Pan Continental Championships) өтіп жатыр.
А дивизионындағы 9 елдің арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Тылсымай Аллиярова, Анджелина Эбауер (Скип), Екатерина Колыхалова (вице-скип), Регина Эбауйер, Мерей Тастемір;
Қалған құрамалар: Аустралия, АҚШ, Бразилия, Канада, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия.
Чемпионаттың алғашқы күні Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея (1:12) мен Жаңа Зеландиядан (3:11) ұтылып қалды. Бүгін 3-айналымда Канадамен, 4-айналымда Аустралиямен ойнайды. Сосын 6-айналымда АҚШ-пен (2 қараша), 7-айналымда Жапониямен (3 қараша), Гонконгпен (4 қараша), соңғы, 9-айналымда Бразилиямен (4 қараша) шеберлік байқасады. Осыдан соң жартылай финалға шыққан құрамалар анықталады.
Ал В тобына түскен Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы мачта Үндістанға (6:7) есе жіберді. Олар алдағы күндері Катар, Гонконг, Гайана, Кения, Нигерия, Сауд Арабиясымен кездеседі. Кеше басталған мұз үстіндегі шахмат додасы 6 қарашада аяқталады.
Жалпы Pan Continental Championships деген не?
Бұл – биылдан бастау алған солтүстік-оңтүстік Америка мен Азия-Тынық мұхиты елдерін біріктіретін, А және В дивизионынан бөлінетін жаңа бәсеке. Сәйкесінше, бұдан былай Тынық мұхиты-Азия чемпионаты және Americas Challenge бәсекелері өтпейді. Мұнда Әлем чемпионатының қалған жолдамалары сарапқа салынады. Ал Еуропа чемпионаты бұрынғыдай жыл сайын бөлек, қарашада Швецияның Эстерсунд қаласында өте береді. Қарт құрлықтан ерлер мен әйелдерден 8 құрама Әлем чемпионатына аттанады.
Барлық құрлық чемпионаты не үшін керек?
Бұл аталған құрлықтағы өзімен деңгейлес елдердің бір-бірімен шеберлік байқасуы үшін керек. Бір жағынан, рейтингте көбірек ұпай жинауға жол ашады. Биыл бұл турнирден 5 құрама әлем чемпионатына барады.
Чемпионат форматы жайлы
Барлығы 13 әйелдер құрамасы А және В дивизионына бөлінген (А-да 9, В-да 4). Сол сияқты 16 ерлер құрамасы да екі топта (А-да 8, В-да 8). Алғашқы дивизиондағы барлық команда бір-біірмен ойнап шығады. Жақсы нәтиже көрсеткен төртеуі жартылай финалда кездесіп, кейін қола жүлдегер мен чемпионды анықтайды. Ал В дивизионының жеңімпазы келесі жылы А-дағы соңғы құраманы алмастырады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКЁРЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
КЁРЛИНГ: ҚАЗАҚСТАН УЭЛЬС КОМАНДАСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СӘТТІ БАСТАДЫ