29.01.2023 | 22:34

Қазақстан құрамасы Португалия Гран-Приінде 4-орын алды

Бүгін Португалияның Алмада қаласындағы дзюдодан биылғы алғашқы Гран-При аяқталды. Соңғы жарыс күні татамиге шыққан Хамза Дидар (90 келі) мен Камила Берліқаш (+78 кг) қола медаль үшін белдесуде жеңіліп, өз салмағында 5-орынға тұрақтады.

Дидар мажарстандық Роланд Гозге, ал Камила нидерландтық Карен Стивенсоннан ұтылды. Екі қазақстандық дзюдошы 5-орын алғандықтан рейтингте 252 ұпайға ие болады.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын және 2 күміс жүлдемен 4-орын алды. Оңтүстік Корея 1-ші, Португалия 2-ші, Өзбекстан 3-орында. Келесі Үлкен Дулыға санатындағы бәсеке 4-5 ақпан күндері Франция астанасы Парижде өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес