30.04.2023 | 14:10

Қазақстан құрамасы велотректен халықаралық жарыста 9 медаль жеңіп алды

Грекия астанасы Афины қаласында тректегі велоспорттан өткен халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 9 жүлдеге ие болды. Оның алтауы алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады.

Кейрин бойынша ерлер арасында Сергей Пономарев топ жарды. Спринттен Андрей Чугай чемпион атанса, Сергей Пономарев 3-орынға ие болды.

Омниумнан Рамис Динмухаметов алтын, ал Артём Захаров күміске қол жеткізді. Мэдисоннан топтық жарыста Артём Захаров пен Рамис Дінмұхаметов жеңіске жетті. Сондай топтық жарыста Артём Захаров жеңіс тұғырынан көрінсе, скретч бойынша күміс медальге ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес