26.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық каратэші Түркиядағы бәсекеде күміс жүлдегер атанды
Бүгін Түркияның Коджаэли өңірінде WKF каратэ-додан халықаралық турнир аяқталды. Дүбірлі додада 40 елден 1095 спортшы жиналды.
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Дамир Камал финалда мысырлық спортшыдан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ ката бағдарламасында өнер көрсеткен отандасымыз Лия Қошқарбаева 25-орын алды.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықKAZAKHSTAN OPEN – 2024 ТУРНИРІНДЕ 800 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ