03.07.2023 | 14:54

Қосанов мемориалының 35 медаль жиынтығы өз иесіп тапты

1-2 шілде күндері Алматы қаласындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXII Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының құрлықтағы турының күнтізбесіне кіретін, әрі қола санатына жататын бәсекеде 13 елдің өкілдері 35 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Нәтижесі төмендегідей:

Қазақстан – 20 алтын, 26 күміс, 22 қола;

Грузия – 3 алтын, 1 күміс;

Жапония мен Таиланд – екеуінде де 2 алтын және 1 күміс;

Өзбекстан – 1 алтын, 3 күміс, 9 қола;

Қырғызстан – 1 алтын, 2 күміс және 2 қола;

Тәжікстан – 1 алтын және 1 қола;

Түркіменстан, Иран, Қытай, Әзірбайжан, Украина – 1 алтын;

Үндістан – 1 күміс;

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес