23.05.2023 | 18:20

Регбиден Қазақстан құрамасы финалға шықты

Регби 15-тен Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы қаласында өтіп жатқан XII Азия чемпионатында Гонконгты 27-23 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Жылдың үздігі 28 мамырда Қазақстан мен Жапония арасындағы матчта анықталады.

Анна Яковлева баптайтын еліміздің регбишілері қазір әлем рейтингінде 19 орында келе жатыр. Жоғарғы дивизиондағы бәсекеге Қытай құрамасы соңғы сәтте қатыса алмайтынын хабарлаған.

Жалпы әйелдер арассындағы регбиден сары құрлық бәсекесі 2006 жылдан бері өтіп келеді. Алғашқы чемпионатты Қытайдың Куньмин қаласы қабылдап, алаң иелері бас жүлдеге ие болған. Содан бері Қазақстан 5 мәрте топ жарса, Жапония 4, Қытай мен Гонконг бір рет алтыннан алқа таққан.

Жылдың аяғында 1 дивизиондағы (жоғарғы дивизионнан кейінгі) Азия чемпионаты Үндістанда болады. Онда алаң қожайындары Филиппин және Сингапурдан келген құрбыларымен сынға түседі. Айта кетейік, олимпиада бағдарламасына кірмейтін регибдің бұл түрінде (15 адам ойнайтын) әр командада 26 спортшыдан болады. Әр тайм (2) 40 минутқа созылады.

Финалды мына жерден көруге болады:

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес