27.05.2024 | 12:10

Римма Волосенко алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирін Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Римма Волосенко сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Іріктеу кезеңінде 60 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Римма Германия спортшысы Мария Гангбауердан айласын асырды. Үшінші раундта қарсылас ереже бұзғаны үшін, 1 ұпайы шегерілді.

Бұл Волосенконың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан үшінші мүмкіндігі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес