27.01.2024 | 21:02

Руслан Алиев Антальядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Бүгін қазақстандық велошабандоз Руслан Алиев Түркияда өткен Antalya Airport City Гран-приінде мәреге үшінші болып келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бір күндік тур Анталья қаласы мен Аспендос елдімекенінің аралығындағы 139.6 км созылды. Жарыс деңгейі – 1.2. Руслан (Almaty Astana Motors командасы) бұл жолды 03:26:05 секундта бағындырды. Бас жүлде China Glory – Mentech Continental Cycling Team өкілі Биниан Маның (Қытай, 03:26:05) еншісінде. Одан кейінгі сатыға Beykoz Belediyesi Spor Türkiye клубының атынан сынға түсетін Эритрея атлеті Натнаел Берхан (03:26:05) тұрақтады.

Гран-приге қатысқан тағы бір қазақстандық Даниил Пронский 13-ші, Александр Семенов 15-ші, Әлішер Жұмақан 18-ші болып мәреге жетті, Бұдан бөлек, жарысқа Асылхан Тұрар, Владимир Колтунов, Георгий Шепелев, Алексей Ваганов, Никита Безручко, Матвей Воробьев сынды отандастарымыз қатысты.

Айта кетейік, Antalya Airport City Гран-приі осымен 2-рет өтіп жатыр. Алғаш 2020 жылы ұйымдастырылған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес