28.07.2024 | 17:20

РУСЛАН КУРБАНОВ ПЕН ЭЛЬМИР ӘЛІМЖАНОВ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Эльмир Әлімжанов  1/16 кезеңде жарыс қожайыны – француз Луиджи Мидельтонды жеңіп кетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аса тартысты өткен айқас 15-14 есебімен аяқталды. Луиджи Олимпиада жеребесі кезінде 8-номер саналған. Ал отандасымыз 25-сатыда болды.

Келесі қарсыласы Федерико Висмара (Италия). Кездесу Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Айта кетейік ертеректе командамыздың көшбасшысы Руслан Құрбанов Марокко өкілі Хуссас Ел Кордты 15:13 есебімен жеңіп, 1/8 кезеңге шықты. Келесі қарсыласы Токио Олимпиадасының чемпионы Ромен Камен (Франция).

Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов 1/16 финалда 5 дүркін әлем чемпионы Янник Борельге жақсы қарсылық көрсеткенімен, соңғы сәтте есе жіберіп алды. Есеп: 13:15.

Сурет: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес