28.07.2024 | 18:35

СЕНСАЦИЯ! РУСЛАН ҚҰРБАНОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ

Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында командамыздың көшбасшысы Руслан Курбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Тартысты кездесудің есебі 15-10. Енді отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Осыған дейін Руслан алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордты 15-13 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Руслан былтыр Миландағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл еліміз үшін ӘЧ-ның алғашқы жүлдесі саналады. 

Сурет: Владислав Семенов.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес