29.11.2023 | 19:52

Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары — ҚР МСМ Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технология және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2012-2014 жылдары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

2019-2021 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылы — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.

2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2023 жылдың наурызынан 2023 жылдың қарашасына дейін — «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес