06.04.2023 | 18:49
Бөлісу:
Шорт-тректен IV қысқы Жастар спорт ойындары: БҚО көш басында, Шымкент қаласы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Астана қаласында «Алау» мұзайдынында шорт-тректен IV қысқы Жастар спорт ойындарының 2-жарыс күні мәресіне жетті. Бүгін спортшылар үздік спринтерлер мен эстафетада финалға шыққан командаларды анықтады.
Ұлдар арасында 500 метрге жарыста астаналық Дінмұхаммедалдияр Тәжібай мәреге бірінші болып келді. Мейіржан Төлеген (БҚО) күміс, тағы бір елордалық Темірлан Жолдас қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасында бұл қашықтықта Алина Әжғалиева (БҚО) тағы топ жарып, 2-алтынын мойнына тақты. Айта кетейік, Алина кеше 1500 метрге жарыста топ жарған. Ал Аяна Амантай Шымкент қаласын командасына алғашқы жүлдені алып келді. Финалда қалған 3 шорт-трекші ескерту алып, жарыстан шеттетілген соң қола медаль В финалында жеңіске жеткен қостанайлық София Симаковаға берілді.
Қазір БҚО 3 алтын, 1 күміс меадльмен көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыда Астана қаласы, Қостанай облысы мен Шымкент қаласының спортшылары жайғасты. Ертең мың метрге жарыс пен эстафетаның (ұлдар, қыздар және аралас) жеңімпазы мен жүлдегерлері белгілі болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: