07.10.2023 | 14:37

Софья Берульцева финалға шықты

WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының ақтық айқасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Софья жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті. Есеп: 1-0. Берульцева оған дейін (+68 келі) алғашқы жекпе-жегінде Жуд Олдрусты (Иордания) сенімді жеңген. Есеп: 3-0. Енді оның қарсыласы Непал немесе Гонконг каратэшісі болмақ.

Софья Берульцева – Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар спорттың осы түріндегі ең беделді жарыстың бірі Премьер-лигада 4 рет алтыннан алқа тағып, тағы бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Азияның 2 дүркін чемпионы, тағы 3 рет күміс, 1 рет қола медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес