25.08.2022 | invalid

Таеквондо: қазақстандық кадеттер Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 15 медальге қол жеткізді.

Бүгін даянгқа шыққан сегіз өреніміз жүлдегер атанды. Дәлірек айтсақ, олар бір алтын, үш күміс және төрт қола медальге ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

І орын – Медет Елемесов, 53 кг,  

ІІ орын – Айым Серікбай, 33 кг

ІІ орын – Ақбота Желеу, 41 кг

ІІ орын – Бекет Болатұлы, 45 кг

ІІІ орын – Торғын Әлімхан, 47 кг

ІІІ орын – Ольга Власюк, +59 кг

ІІІ орын – Артур Пак, 61 кг

ІІІ орын – Әміржан Иманбаев, +65 кг.

Ал кеше Нұрперзент Саматұлы, Достан Нажимханов пен Ярина Пуганцова топ жарып, Нұрай Амангелді, Дарын Зейнеш, Теміржан Тасқын күміске қол жеткізген. Ал Жұмабек Нұрайым қола жүлдегер атанған. Жалпы есепте Мырзағали Суранов шәкірттері 15 медаль: 4 алтын, 6 күміс пен 5 қоланы қоржынға салды. Командалық есепте ұлдарымыз 2-орын, қыздарымыз 3-орын алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес