20.06.2023 | 20:05

Талдықорғанда тас жолдағы велоспорттан VI жазғы Спартакиада басталды

Бүгін Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан ҚР VI жазғы Спартакиадасы жалауын көтерді. Жарыстың бірінші күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы 2х15 км аралас командалық эстафета өтті. Нәтижесінде мәре сызығын Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы (ерлер - Глеб Брусенский, Даниил Пронский, Николя Винокуров, әйелдер - Махаббат Үмітжанова, Полина Братчикова, Надежда Морозова) бірінші болып кесті (0:38:40). Екінші орынды Жетісу облысы (ерлер – Антон Кузьмин, Игорь Чжан, Оркен Сламжанов, әйелдер – Фаина Потапова, Акпейл Осим, Виолетта Казакова) иеленді (0:39:09). Үздік үштікті Алматы қаласының командасы (ерлер - Сергей Лущенко, Лев Порошенко, Батырхан Алик, әйелдер – Виктория Колесникова, Елизавета Достовалова, Дильназ Рузукулова) түйіндеді (0:41:38).

Сайысқа 12 аймақтың спортшылары қатысып жатыр. Спартакиада аясында тас жолдағы велоспорттан андерлер, жасөспірімдер және паралипиадашылар арасында Қазақстан чемпионаты да өтеді. Жарыс 25 маусымда аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес