05.04.2024 | 12:32

Триатлоннан Азия чемпионатында 5 спортшымыз сынға түседі

Бүгін Қытайдың Дексин қаласында триатлоннан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл бәсекеде 13 мемлекеттен 66 спортшы сынға түседі. Ұлттық құрама сапында ел намысын Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Мейірлан Ысқақов, Дарын Қонысбаев пен Екатерина Шабалина қорғайды.

Ертең жарыс жолына алғаш болып ерлер шығады. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Былтыр Сауд Арабиясының Эль-Хубар қаласында өткен сары құрлық чемпионатында Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина жеңімпаз атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес