19.08.2024 | 10:23

ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Ақмола облысындағы Balqaragay  демалыс орынында Uly Dala Jarysy атты республикалық кедергілерден өту жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дәстүрлі бәсекеге 200-ден астам үміткер ниет білдіріп, 14 кедергіден тұратын 5 шақырым қашықтықты еңсерді.

Іс-шараның ашылуы кезінде ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов сөз сөйлеп, барша жиналған жандарды спорт күнімен құттықтады. Жүлдегерлер тізімі мынадай:

Әйелдер:

1.Анара Бухарова

2.Альбина Қанапина

3.Оксана Логинова

Ерлер:

1.Кириль Тжленко

2.Мұрат Абылай

3.Болатбек Мұтан

Жарыс жеңімпаздарынан бөлек, қатысушылар «Ең жылдам», «Жеңіске деген құлшыныс» және т.б номинацияда марапатталды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес