05.04.2024 | 15:13

Велотректен соңғы лицензиялық жарысқа 4 қазақстандық қатысады

12-14 сәуір аралығында Канаданың Милтон қаласында велотректен Ұлттар Кубогының шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олимпиада рейтингінде ұпай берілетін соңғы лицензиялық турнирде Ұлттық құраманың 3 спортшысы бақ сынайды. Атап айтар болсақ, омниум мен топтан тыс қалу бағдарламасында Рамис Дінмұхаметов жарысады. Ал кейрин мен спринтте Сергей Пономарев пен Андрей Чугай сынға түседі.

«Ұлттық құрама спортшылары бірнеше дайындық кезеңінен өтті. Бұл қатарда Таразда өткен қысқы ел чемпионаты бар. Осы тұста биыл Олимпиада іріктеуіне және дайындыққа арналған бөлек күнтізбе жасағанымызды айтқым келеді. Қазір Астанада өтіп жатқан омниумнан Қазақстан чемпионаты Әлем Кубогына дайындықтың соңғы сатысы. Ұлттық құрама көшбасшысы Рамис Дінмұхаметов тағы топ жарып, бабында екенін көрсетті. Канададағы кезеңнен кейін олимпиадалық рейтинг жабылады. Ұпайлар 1 мен 24-ші орын аралығындағы велошабандоздарға беріледі. Сосын, 22 сәуірде квоталар белгілі болады»,-деп айтты жаттықтырушы Зәки Сұлтанов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес