03.12.2022 | invalid

Виталий Щиголев 4 құрлық чемпионатында топ жарса, Надежда Морозова күміс медаль жеңіп алды

Бүгін Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ 4 құрлық чемпионаты басталды. Мұнда Қазақстан, АҚШ, Жапония, Канада, Қытай мен Оңтүстік Кореяның үздік спортшылары сынға түседі.

Алғашқы күн Ұлттық құрама спортшылары үшін табысты болды. Ерлер арасында 5000 метрге жарыста Виталий Щиголев үздік нəтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Қазақстандық мəреге 6:22.815 секундта жетті. Күміс медальді Оңтүстік Корея спортшысы алса, үздік үштікті канадалық түйіндеді.

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Бақдəулет Сағатов 6-орыннан көрінді. Уақыт көрсеткіші - 6:34.580.

Ал əйелдер арасында Надежда Морозова 3000 метрде күміс медаль иегері атанды (4:05.51). Ұлттық құрама көшбасшысы 1-орын алған командалық сайыста Бейжің Олимпиадасының чемпионы канадалық Валери Мальтеден 2 жарым секунд қалып кетті. Қола тағы бір канадалық Беатрис Ламарштың еншісінде кетті.

Бұдан бөлек, əйелдер арасында 500 метрге жарыста Екатерина Айдова жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Тəжірибелі қазақстандық 4-орынмен шектелді. Ерлер арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 8-сатыға жайғасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес