08.03.2024 | 16:14

Юлия Галышева үздік бестікті түйіндеді

Бүгін Алматы қаласында Шымбұлақ курортында фристайл-могулдан Әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында Юлия Галышева 68.58 ұпаймен үздік бестікке кірді. Мұнда Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, австралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен топ жарды.

Ерлер арасында Ұлттық құрама спортшысы Павел Колмаков 72.53 ұпаймен 6-сатыға жайғасты. Бас жүлде аты аңызға айналған Микаэль Кингсберидің (Канада, 84.89 балл) еншісінде кетті.

Айта кетелік, ертең 9 наурызда параллель могул жарысы өтеді.

Суреттердің авторы – Андрей Кулагин.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес