26.06.2022 | invalid

Жеңіл атлетика: Алматыда Қосанов мемориалы аяқталды

25-26 маусым аралығында Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXIІ Ғұсман Қосанов мемориалы өтті. Халықаралық жарысқа 15 елден 380 спортшы қатысты.

Жалпы есепте Үндістан құрамасы 11 алтын, 6 күміс, 6 қола медальмен 1-орын алса, Қазақстан құрамасы 2-сатыда. Біздің құрама сапында чемпион атанған спортшылар:⠀

Ольга Сафронова (11,40) – 100 метрге жүгіру;⠀

Мария Ефремова (14,04) – үш қарғып секіру;

Максим Фроловский (3:52,72) – 1500 метрге жүгіру;

Михаил Литвин (46,04) – 400 метрге жүгіру;⠀

Кристина Овчинникова (1,96 метр) – биікке секіру;⠀

Рима Кашафутдинова, Ольга Сафронова, Элина Михина, Арина Мишеева (44.87) – әйелдер арасындағы эстафета (4х100) ⠀

Артур Гафнер (67,44 метр) – найза лақтыру;

Игорь Косолапов (2,16) – биікке секіру;⠀

Анастасия Ермакова (4,20) – сырықпен секіру;⠀

Рақымжан Келманов (15;10,83) – 5000 метрге жүгіру;

Сондай-ақ, биыл мемориалдың екі рекорды жаңарды. Біріншісі, 200 метрге ерлер арасында жүгіруде тай спортшысы Бонсон Пурипол 20,19 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алып, мемориалдың 2016 жылғы рекордын жаңартты. Бұған дейін мемориалдың рекорды Бахрейн спортшысы Ягуб Салем Эидке тиесілі болған (20,43).

Екіншісі, 4х100 метрге эстафетада ерлер арасында тай спортшылары көш бастады. Олар 38,65 секунд нәтижесімен мемориалдың жаңа рекордын тіркеді. Еске сала кетейік, алдыңғы үздік көрсеткіш 2001 жылдан бері өзгермеген. Ол көрсеткіш те (39,18) Таиланд атлеттеріне тиесілі-тін.

Бұдан бөлек, чемпион атанған отандасымыз Кристина Овчинникова Орегондағы Әлем чемпионатына жолдама иеленді. Айта кетейік, бұл Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қола дәрежесіне кіретін Орталық Азиядағы жалғыз жарыс.

Біздің анықтама:

Ғұсман Қосанов – Олимпиада медалін иеленген алғашқы қазақ спортшысы (1960 жыл. Рим қаласы).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес