06.06.2022 | invalid

Жеңіс! Регбиден Қазақстан құрамасы Amsterdam Sevens турнирінің чемпионы атанды

Нидерланд Корольдігінің астанасында регби 7-ден Amsterdam Sevens турнирі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Польшаны 12:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Жалпы арулар арасында бұл бәсекеге Нидерланд, Германия, Франция, Уэльс, Польша мен АҚШ-тан 12 команда жиналды.

Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы беделді турнирдің бірі (алғаш рет 1972 жылы өткен). Бәсекенің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатыса алады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.

Айта кетейік, осыған дейін 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» клубы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түсті.

Біздің анықтама:

Регби-7 – XIX ғасырдың аяғында Шотландияда пайда болған. Алаңда 7 адамнан тұратын 2 команда ойнайды. Әр тайм (2 тайм) 7 минутқа созылады. Жалпы алғанда 15 адам ойнайтын регби алаңында және тура сондай ереже бойынша өтеді. Бұл спорт түрінің мақсаты – допты қарсыластың алаңынан жиі-жиі апарып, мейілінше көп ұпай жинау.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес