14.04.2024 | 14:51

Ұлттар Кубогындағы қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Канаданың Милтон қаласында велотректен Ұлттар Кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін кейрин бағдарламасында Андрей Чугай 25-ші Сергей Пономарев 31-сатыдан көрінді. Енді екі шабандозымыз спринтте бақ сынайды. Ал Рамис Дінмұхаметов көпсайыстағы омниум санатында 18-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Канададағы бәсекеде 56 елден келген 366 спортшы жүлдеге таласып жатыр.

Суреттер: UCI.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес