04.06.2023 | 23:05
Бөлісу:
Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
Бүгін регби 7-ден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерланд астанасында аяқталған Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Ұлттық құрама дəстүрлі бəсекеде барлығы 7 ойын өткізіп, бəрінде жеңіске жетті. Бұл қатарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Польшаны 12:7 есебімен жеңіп, осы сында чемпион атанған. Ал 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» клубы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түскен.
Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы беделді турнирдің бірі (алғаш рет 1972 жылы өткен). Бәсекенің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатыса алады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҰлттық құрама іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады
Регбишілер алғашқы турда 5-орын алды
Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турнирінде өз атағын қорғайды