28.05.2024 | 17:20

Ұлжан Сәрсенбек АҚШ чемпионынан ұтылып қалды

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде Ұлттық құрама спортшысы Ұлжан Сәрсенбек қарсыласына есе жіберіп, лицензиясыз қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер мен жастар арасында қарсылас шыдатпаған Ұлжан 54 кг дейінгі салмақтың бірінші айналымында Шэра Мэй Патрициоға (АҚШ) жол берді. Америкалық былғары қолғап шебері Бусто-Арсициодағы бірінші лицензиялық жарыстың шешуші айқасында әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері Жутамас Житпонгқа (Таиланд) жол берген.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес