25.12.2023 | 09:46
Бөлісу:
Алдияр Аңсат пен Ксения Балабаева ел чемпионы атанды
Астана қаласында шахматтан Қазақстан чемпионаты осыған дейін болмаған тартысты ойындармен және тарихи нәтижемен есте қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Он күнге созылған ел ішілік бәсекеде ерлер арасында Алдияр Аңсат сенсация жасап, алтыннан алқа тақты. Чемпионат регламенті бойынша гроссмейстер Әлішер Сүлейменов Денис Махнев, халықаралық шебер Арыстанбек Уразаев, Алдияр Аңсат Абілмансұр Әбділхайыр жылдам тай-брейкте жүлдегерлерді анықтаған.
Рапид басталар алдында гроссмейстерлердің (Махнёв пен Сүлейменовтің) мүмкіндіктері басқаларға қарағанда көп көрінген, бірақ Алдияр Аңсат барлық болжамды жоққа шығарды. Ол алғашқы екі партияда жеңіске жетіп, сенімді түрде чемпионы атанды. Елордалық шебердің жасы небәрі 15-те, бұған дейін (Қазақстанның кеңестік дәуірінде де, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарында да) осыншалық жас шахматшы чемпион атанбаған. Осыған дейінгі ең жас чемпион Шамшиден Мұрзағалиев (16 жас, 1938 жылы).
Ерлер арасындағы чемпионаттың кестесі (13 айналымнан кейін):
1 |
GM |
Денис Махнев |
2486 |
8 |
2 |
GM |
Әлішер Сүлейменов |
2513 |
8 |
3 |
IM |
Арыстанбек Уразаев |
2472 |
8 |
4 |
IM |
Алдияр Аңсат |
2434 |
8 |
5 |
FM |
Әбілмансұр Әбділхайыр |
2255 |
8 |
6 |
FM |
Даниял Сапенов |
2350 |
7½ |
7 |
IM |
Қазыбек Нөгербек |
2483 |
7½ |
8 |
IM |
Рамазан Жалмаханов |
2493 |
7 |
9 |
IM |
Арыстан Исанжулов |
2407 |
7 |
10 |
Азамат Өтеғалиев |
2416 |
6½ |
|
11 |
IM |
Жандос Ағманов |
2460 |
5½ |
12 |
GM |
Мұртас Қажығалиев |
2490 |
5 |
13 |
Абзал Әмірәлі |
2136 |
3½ |
|
14 |
Әділ Ткачев |
2078 |
1½ |
Арыстанбек Уразаевта күміс, Денис Махнёв қола медальге ие болды. Барлық 14 ойыншының бесеуі 13 турдан кейін бірдей (8 ұпайдан) жинады, әрі жеңілмеген шахматшы болмады.
Ал әйелдер чемпионатында жеңімпаз финалдық раундқа жетпей анықталды. Бүкіл турнир бойы өте сенімді ойын үлгісін көрсеткен Ксения Балабаеваға алтын медаль алу үшін соңғы турда өз партиясын тең есеппен аяқтау ғана жеткілікті болған. Алматылық ойыншы бұл «тапсырманы» сәтті орындап, алғаш рет ел чемпионы атанды.
Әйелдер арасындағы кесте:
1 |
WIM |
Ксения Балабаева |
2244 |
7½ |
2 |
WIM |
Алуа Нұрманова |
2326 |
6½ |
3 |
WGM |
Мадина Давлетбаева |
2216 |
5 |
4 |
FM |
Лия Құрманғалиева |
2261 |
5 |
5 |
WIM |
Зейнеп Сұлтанбек |
2008 |
5 |
6 |
Аяулым Қалдарова |
2015 |
4½ |
|
7 |
WIM |
Әсел Серікбай |
2186 |
4 |
8 |
WIM |
Әмина Қайырбекова |
2235 |
4 |
9 |
Кристина Попандополо |
1865 |
2½ |
|
10 |
WCM |
Кристина Ким |
1933 |
1 |
Вице-чемпион атағы, яғни күміс медаль тағы бір алматылық шахмат шебері Алуа Нұрманова еншісінде. Келесі сатыны бірден үш қатысушы – Мадина Давлетбаева, Лия Құрманғалиева мен Зейнеп Сұлтанбек бөлісті. Қосымша көрсеткіштер бойынша қола медаль тәжірибелі шахматшы Мадинаға (Тараз) бұйырды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ