17.03.2023 | 21:01
Бөлісу:
Әлем чемпионатының 2-күні: қос боксшымыз жеңіске жетті
Делиде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 2-жарыс күні екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті.
Олимпиада бағдарламасына кіретін 60 кг дейінгі салмақта Римма Волосенко Үндістандағы алғашқы жекпе-жегінде екі дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Турдибекованы ұтты. Боксшылар үш раунд бойы тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, кім мықтыны анықтау үшін төрешілерге жүгінді. Нәтижесінде отандасымыз 4-1 есебімен басым түсті. Римманың келесі қарсыласы сербиялық Наталья Шадрина.
«Бәрі ойдағыдай болды, алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Әрине, бәрі өзім жəне бапкерлер ойлағандай болмады. Бірақ əлі жұмыс істеп, жинақталам. Барлық жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деді Римма Волосенко.
Әлем чемпионатының екінші күнін 81 кг дейінгі салмақта сынға түскен Фариза Шолтай қорытындылады. Ол Тринидад және Тобаго өкілі Лиан Будрамнан техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Шолтай ұзақ үзілістен кейін боксқа оралды. Кейінгі жылдары жарақатпен арпалысқан ол ел чемпионатына аз уақыт қалғанда ұлттық құрамада бірінші орынды жеңіп алды. Енді Фариза ширек финалда кениялық Элизабет Адямбо Андиегомен күш сынасады. Естеріңізге сала кетейік, Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен 3-рет өткізеді.
Үндістан астанасында 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласып жатыр. Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ