05.12.2024 | 14:49
Бөлісу:
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕРАСЫЛ ЖАҚПЕКОВ ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті боксшымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында 80 кг дейінгі салмақтағы Ерасыл Жақпеков ширек финалда Сағын Сатыбалдыұлымен (Қырғызстан) жарқын жекпе-жек өткізді. Алғашқы раундта қаша ұрыс салған Қырғызстан спортшысының тактикасы жемісін бергенімен, айқастың қалған бөлігінде Ерасыл жойқын соққылар мен қыспаққа алудың арқасында тараз басын өз жағына бұра алды.
Енді Ұлттық құрама спортшысы 8 желтоқсанда жартылай финалда қарсыласын нокаутқа жіберген Тұрабек Хабибуллаевпен (Өзбекстан) жолығады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ