28.03.2024 | 13:56

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде айқын басымдықпен жеңіске жетті

Блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін әлем чемпионы (2021, 2022 жылы) Бибісара Асаубаева апта сайынғы Swiss Queens Wednesday онлайн турнирінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама кқшбасшысының бірі 11 турда 10,5 балл жинап, керемет нәтиже көрсетті. Бибісара өзінен кейінгі шахматшыдан 2 ұпай озып кетті.

Бибісара Асаубаева – 10,5 балл (300 доллар)

Теодора Иняц (Сербия) – 8,5 балл (250 доллар)

Савита Шри Баскар (Үндістан) – 8,5 балл (200 доллар)

Вантика Агравал (Үндістан) – 8 балл (150 доллар)

Фам Ле Тхао Нгуен (Вьетнам) – 7,5 балл (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday турнирі Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 100 жылдығына орай өткізіліп жатыр. Мұнда әлемнің мықты шахматшылары ғана бақ сынай алады. Әр жарыстың жүьлде қоры 1000 АҚШ доллары.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес