05.12.2024 | 12:53
Бөлісу:
БОКСШЫ ОРАЗБЕК АСЫЛҚҰЛОВ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КҮШ СЫНАСАДЫ
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Оразбек Асылқұлов 1/4 финалда ринг қожайыны Чуджан-Ат Пануванмен кездесіп, алғашқы раундтан-ақ жеңіске деген ұмтылысын көрсете алды. Қарсыластан жылдамдық, таза бокс тұрғысынан басым болған отандасымызға төрешілер тарапы бір ауыздан 5:0 есебімен жеңісті берді.
Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні Лундаа Гантумурмен (Моңғолия) финал жолдамасы үшін жұдырықтасады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ