10.12.2024 | 23:44

ГАНДБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Гандболдан Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде отандастарымыз Иран құрамасын 28-22 есебімен ұтты. Еске сала кетейік, 2021 жылы да екі ел қола жүлдеге таласқанда Қазақстан басым түскен. Біздің құрама төртінші рет Азия чемпионатында жүлде алды.

Азия чемпионатында Қазақстан жүлде алған жылдар:

Индонезия, 2024 жыл. Қазақстан – Иран 28-22 (қола)

2021 жыл. Қазақстан – Иран 38-33 (қола)

2010 жыл. Қазақстан – Оңтүстік Корея 33-32 (алтын)

2002 жыл. Қазақстан – Оңтүстік Корея 27-25 (алтын)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес