04.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Министр Кубогі: топтық кезең жеңімпаздары анықталды
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Кубогінің жартылай финалына шыққан мектеп-интернат-колледждер анықталды.
Алматы қаласында өткен А тобының бәсекесінде К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жеңіске жетті. Олар бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды.
2-орын – Шаңырақ ш/а олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
3-орын – Б.Саттарханов атындағы Түркістан облысының Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
4-орын – Бөгенбай батыр атындағы Ақмола облысы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-колледжі;
Ақтөбеде өткен В тобында Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі барлық спорт түрінде топ жарып, айқын басымдықпен плей-оффқа жолдама алды.
2-орын – Есет батыр атындағы олимпиада резервінің Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
3-орын – Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі;
4-орын – БҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
Ал елорда өткен С тобында Қызылорда облысындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шәкірттері қарсыластарына дес берген жоқ.
2-орын – Алматы қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты;
3-орын – Республикалық спорт колледжі (Алматы қаласы);
4-орын – СҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
Соңғы D тобындағы мықты Тараз қаласында анықталды. Мұнда Ә.Молдағұлова атындағы Қарағанды облысы спорт интернатының жас спортшылары мықты екенін паш етті.
2-орын – Алматы облысының Лепсі ауданындағы спорт интернат;
3-орын – Жамбыл облысы спорт интпрнаты;
4-орын – Павлодар облысы спорт интернаты;
Енді А тобының жеңімпазы С тобының үздігіне, В тобының мықтысы D тобының жеңімпазына түсті. Жартылай финал жəне финал 22-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Министр Кубогінің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға - 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға – 2 млн. теңге беріледі.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Кубогі биыл алғаш рет өтіп жатыр. Еліміздің спорт саласындағы 17 оқу орнында тəлім алып жатқан, 2006-2007 жылы дүниеге келген жасөспірімдер халық арасында кең танылған спорт түрлері – бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен кім мықтыны анықтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ