26.07.2024 | 18:37

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ КЕЗІНДЕ КІМДЕР ТУҒАН КҮНІН АТАП ӨТЕДІ?

2024 жылдың басты додасы Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы орайда  еліміздің атынан қатысатын 79 спортшының қайсының туған күні Олимпиада уақытымен сәйкес келетінін қарап көрдік.

Бекарыс Раматулла – байдаркада ескек есуден бірінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып жатқан спортшы 26 шілдеде 22 жасқа толды. Спортшы 6 тамызда ғана жарыс жолына шығады.

Данияр Шамшаев (дзюдо) – 8 тамызда 23 жасқа толады. Ал спортшының өзі 29 шілдеде жекелей, 3 тамызда аралас командалық сайыста бақ сынайды.

Ксения Игнатова (жүзу) – 2 тамызда 19 жасқа толады. Спортшы 29 шілдеде өнер көрсетеді.

Константин Малиновский (нысана көздеу) – 3 тамызда 25 жасқа толады. Отандасымыз 31 шілдеде жүлдеге таласады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес