26.02.2023 | 19:25

Павел Колмаков тағы да жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді

Грузияның Бакуриани қаласында фристайл (могул, акробатика) мен сноубордтан V әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасындағы параллель могул бәсекесінде отандасымыз Павел Колмаков 4-орын алды. Қазақстандық спортшы кіші финалда, яғни қола медаль үшін таласта аустралиялық Мэтт Грэмнен (20.00 балл) бұрын мәреге жеткен. Алайда Павел тұғырдан секіру кезінде қателескендіктен төрешілердан аз балл алды (15.00 балл). Павел мен Мэтт арасындағы жарысты мына жерден көре аласыздар.

Ұлттық құрама көшбасшысы Колмаков жартылай финалда әлем чемпионы атанған канадалық Микаэль Кингсбериге есе жіберді. Есеп: 18.00-17.00

Осы сында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Антон Бондарев 1/32 кезеңнен ары аса алмады.

Айта кетейік, кеше Павел Колмаков фристайл-могулдан жекелей сында да 4-орын алып, медальге бір табан жетпей тоқтаған. Ол финалдағы алғашқы мүмкіндігінде 84.15, ал 2-мүмкіндігінде 83.99 ұпай жинаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес