13.09.2024 | 09:24
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІЛІССІЗ КЕЛЕ ЖАТЫР
Мажарстан астанасы Будапеште 45-ші шахмат Олимпиадасы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан әйелдер командасы екі турда жеңіске жетіп, жеңіліссіз келе жатыр. Уругваймен болған ойында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман да қарасыласынан басым түсті (4-0).
Осыдан кейін Финляндиямен кездесу 2,5-1,5 есебімен біздің құраманың пайдасына шешілді. Бибісара Анастасия Кейняненмен тең түссе, Әмина Қайырбекова мен Ксения Балабаева фин шахматшысын ұтты. Енді 3-турда Қазақстан Аустриямен ойнайды.
Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсаттан жасақталған еліміздің ерлер құрамасы 1-турда Суринамнан (4-0), 2-турда Монакодан (3,5-0,5) басым түсті. Келесі матч Вьетнаммен.
Фото: ФИДЕ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА 2 ОЛИМПИАДАДА ЕРЕКШЕ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?
ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ШАХМАТШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ