17.09.2024 | 12:46
Бөлісу:
XXXXV ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: 6-ТУРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында (45th FIDE Chess Olympiad) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлеріміз (2513, № 41) Оңтүстік Африка Республикасын (2302, № 79) 3½–½ есебімен сенімді түрде жеңді. Жігіттеріміздің арасынан Махнёв, Нөгербек, Сүлейменов қарсыластарынан айласын асырса, Аңсат тең есепті қанағат тұтты. Енді ерлеріміз Әзірбайжанмен (2657, № 12) күш сынасады.
Әйелдер құрамасы болса (2373, №10), рейтинг жағынан төмен Кубаға (2215, № 29) еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 4–0. Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман мен Амина Қайырбекова да қателікке жол бермеді.
Аруларымыз енді ТОП-10-дағы Әзірбайжанмен (2398, № 6) өзара мықтыны анықтайды.
Барлығы 183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында әйелдері құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұрса, ерлеріміз 8 ұпаймен 35-орында келеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ