16.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Бүгін, 16 мамырда бокстан Түркиядағы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері өтіп жатыр. Алғашқы болып Ыстанбұл рингіне шыққан қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 кг дейін) үндістандық Ниту Нитуды ұтып, жартылай финалға шықты. Есеп 3:2.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде бір қола медаль бар.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова осыған дейін серб Снежана Сильковичті, канадалық Приянка Диллонды ұтқан. Енді ол финал жолдамасын болгариялық Севда Асеновамен сарапқа салады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ