08.05.2022 | invalid

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаты басталды. Әуелі назарларыңызға Шәміл Сафиуллин баптайтын Қазақстан құрамасының құрамын ұсынамыз. Біздің құраманың тізімі:

48 кг. Алуа Балқыбекова

50 кг. Назым Қызайбай

52 кг. Жайна Шекербекова

54 кг. Дина Жоломан

57 кг. Карина Ибрагимова

60 кг. Римма Волосенко

63 кг. Аида Абикеева

66 кг. Дариға Шәкімова

70 кг. Валентина Хальзова

75 кг. Надежда Рябец

81 кг. Гүлсая Ержан

+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева

Барлығы әлемнің 80-нан астам мемлекетінен келген 400-ден астам боксшы 21 мамырда әр салмақтың жеңімпазын анықтайды.

Айта кетейік, әйелдерге осы жолы ерлер сияқты қомақты жүлде қоры бұйырады. Бұл IBA-ның 75 жылдық тарихында боксшыларға үлестірілетін ең көп қаржы. Нақтырақ айтқанда, жалпы сома 2,4 миллион АҚШ доллары. Алтын үшін 100.000 доллар берілсе, күміс медаль 50.000 доллар, екі қола жүлде 25.000 долларға бағаланып отыр.

Сондай-ақ чемпионат кезінде Түркияда IBA-ның кезектен тыс конгресі өтеді. Жиында ұйымның негізгі реформалары айтылады. Кездесу әр елдегі ұлттық федерация көшбасшысын, осыған дейінгі чемпиондардың басын қоспақ. Бұл бәсекенің көркін қыздырып, мән-маңызын арттыра түседі.

Жеребе қорытындысы:

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес