14.06.2024 | 18:04
Бөлісу:
ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК – ТАРИХИ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН 4-ҚАЗАҚ ШАХМАТШЫСЫ
Кеше Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Junior Chess Championships 2024) топ жарып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол мұндай жетістікке қол жеткізген төртінші шахматшымыз. Осыған дейін 20 жасқа дейінгі санатта Дәрмен Сәдуақасов (1998 жылы), Динара Сәдуақасова (2016) мен Жансая Әбдімәлік (2017) әлемді мойындатқан.
Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек ( рейтингі 2502) барлығы 11 раундта 8½ ұпай жинаған. Осы арқылы Қазыбек әлем чемпионы атағына үміткерлер турниріне іріктеу аясындағы әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ турнир барысында ФИДЕ президенті кеңесінің кезекті отырысында Қазыбектің гроссмейстер атағын алғаны белгілі болды.
Мұнда екінші орын иегері армениялық гроссмейстер Эмин Оханян (2501) атанса, ал үздік үштікті серб гроссмейстері Лука Будисавлевич (2468) түйіндеді.
Қыздар арасында 10 ұпай жинаған жарыстың қожайыны Дивья Дешмух (2456) 1-орын алды. Жарты ұпай артта қалып, 2-орынды 2022 жылғы 18 жасқа дейінгі әлем чемпионы, армениялық Мариям Мкртчян (2300) иеленсе, 3-орын әзірбайжандық Аян Аллавердиеваға (2133) бұйырды.
Чемпионатта ұлдар арасында 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер бақ сынады.
Ертең, 15 маусым сағат 14.00-де Қазыбек Нөгербектің қатысуымен Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: шахматтан Қазақстан құрамасының мүшесі Қазыбек Нөгербек, KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Садуақасов, KazChess атқарушы директоры Дәулетова Гүлмира, шахматтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержан Шәкенов. Аккредитация келесі нөмер арқылы: 87023055592, Айдана Карибжанова.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ