20.06.2023 | 09:58

Құзға өрмелеуден «Бурабай» республикалық фестивалі өтеді

Шілденің 1-2 аралығында Ақмола облысының Бурабай демалыс кентінде құзға өрмелеуден кезекті «Бурабай-2023» республикалық фестивалі өтеді. Демалыс орны облыс орталығы Көкшетаудан 100, Астана қаласынан 250 шақырым жерде орналасқан.

Экстрим іздеген жандар биыл да «Оқжетпес» шыңын бағындырады. Олар жарыстың түріне қарай жас ерекшелігі бойынша бірнеше санатқа топтасады. Big wall speed competition, яғни жұптар жарысында (тек ерлер, әйелдер немесе аралас жұптар) төменен жоғары қарай бірнеше бөлікке бөлінген жарыс жолын (мультипитч) бағындыруы керек. Олар өз таңдауы бойынша әр бөлікте бір-біріне кезекті бере алады. Биікті ең бірінші бағындырған жұп жеңіске жетеді. Егер құздың басына ешқайсы жете алмаса, ең биік жерге дейін жеткен жұп жеңеді. Мұндағы жас санаты:

А тобына – 19 бен одан үлкен спортшылар (ерлер, әйелдер).

В тобына – 16-18 жас аралығындағы жастар (ұлдар, қыздар);

Маусымның 30-ы сағат 16:00-18:00 аралығында мандат комиссиясының жинасы өтіп, мұнда жұптар арасында жылдамдыққа жарысқа (Big wall speed competition) қатысушыларды тіркеу жүреді. Бұл жарыс 1 шілде күні өтеді.

Ал «Оқжетпес» шыңына жаппай өрмелеуге тіркеу 2 шілде таңертең 9:00 мен 10:00 арасында жүреді. Бір сағат өткеннен кейін әр топ төрешілер белгілеген бағдарға шығады. Жарыс кезінде сақтандыру белдігінің болуы міндетті. Қатысушылар 3 топқа (14-16 жас, 17-49 жас пен 50-ден үлкен) бөлінеді.

Осыдан кейін әуесқойлар арасында «Оқжетпес» шыңына жаппай өрмелеу болады. Мұнда 14 жастан асқан кез келген азамат өз бағын сынай алады. Фестиваль кезінде барлық жарыс Қазақстан альпенизм және құзға өрмелеу федерациясы бекіткен ереже бойынша өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес