12.03.2024 | 03:36
Бөлісу:
Сәкен Бибосынов екінші рет Олимпиадаға барады
Бокстан Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекеде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келіде әлем чемпионы шешуші жекпе-жекте Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Киаран Макдональдтан бір бас жоғары болды. Сәкен 2 раундты сенімді түрде 5:0 есебімен ұтты. Соңғы раундта нокдаунға түсіп қалғанымен, есептегі басымдығын сақтап қалды.
Осылайша, Сәкен Бибосынов – 51 келіде Болат Жұмаділовтен кейін екінші рет қатарынан олимпия ойындарына баратын боксшы. Даңқты былғары қолғап шебері Болат Жұмаділов 1996 жылы Атланта, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада күміс жүлдегер атанған.
Суреттердің авторы – Аян Төлеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ