24.03.2024 | 15:44
Бөлісу:
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама алды
Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден Әлем Кубогының кезеңінде еліміздің ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына лицензия алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Енді Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов жазғы ойындарда командалық сында жүлдеге таласады. Ал жекелей сында 3 спортшымыз бақ сынайды.
Грузиядағы кезеңде ерлер құрамасы Швецияны (45:32) сосын Германияны (45:36) жеңіп ширек финалға шықты. Қатар өткен кездесуде Оңтүстік Корея құрамасы Чехиядан жеңіліп, Қазақстан қазірден әлем рейтингінде үздік 4 команданың сапында қалды.
Осыған дейін Қазақстан олимпия ойындарына семсерлесуден тек жекелей сында спортшы апарған.
1996 жылы, Вячеслав Григорьев
2012 жылы, Дмитрий Алексанин
2012 жылы, Эльмир Әлімжанов
2016 жылы, Илья Мокрецов
2021 жылы, Руслан Курбанов
Қазір Қазақстан делегациясында Париж Олимпиадасының 30 лицензиясы бар.
Суреттер - Нұрғали Жұмағазы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕМСЕРЛЕСУ: ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?