21.09.2024 | 08:33
Бөлісу:
ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КӨШ БАСЫНА ШЫҚТЫ
Мажарстан астанасында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында Бибісара Асаубаева бастаған командамыз Польшадан (2422, №3) басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ойын 2,5-1,5 есебімен аяқталды. Алуа Нұрман жеңіліссіз келе жатқан Алисия Сливицканың сериясына нүкте қойып, өзінің жеңісті матчын 4-еуге жеткізді. Ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова мен Ксения Балабаева тең түсіп, қорытынды есептегі жеңісті сақтап қалды.
Қазіргі жалпы есеп:
1. Қазақстан – 16 ұпай
2. Үндістан – 15 ұпай
3. Қытай – 14 ұпай
4. Армения – 14 ұпай
5. Польша – 14 ұпай
Келесі, 10-турда Грузиямен (2462, №2) ойнаймыз. Олимпиаданың аяқталуына 2 тур қалды. Егер Қазақстан құрамасы тағы бір матчта басым түссе, кемі үздік үштікте қалады. Айта кетейік, Қазақстан әйелдер/ерлер құрамасы осыған дейін шахмат Олимпиадасында жүлде алмаған.
Фото: ФИДЕ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ