15.11.2023 | 22:19
Бөлісу:
VI жазғы Спартакиада: Санатәлі Төлтаев 1/8 финалда сүрінді
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 63,5, 67, 80, 92, +92 келі салмақтағы спортшылар өз бәсекелерін өткізді.
63,5 келі салмақта бірінші нөмірлі боксшы саналған, Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокстан қыркүйек айында келген 28 жастағы Жандос Қыдыралиевке 3 раундта да еш қарсылық көрсете алмай, жарысты аяқтады.
«Қыркүйек айында Шоқыр Бөлтекұлын еске алу турнирінде 71 келіде өнер көрсетіп, өзімді өте жақсы сезіндім. Алайда Ертуған Зейнуллинов лицензия алмаған соң, қайта Олимпиадаға баруды жоспарладым. Салмақты көп қуатыным бұл айқасқа да өз кедергісін келтірді. Қарсыласыммен де алғашқы рет жолықтым. Дегенмен, әлі Париж Олимпиадасына деген үмітім зор» - деп өз пікірін білдірді Санатәлі Төлтаев.
57 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдесін алған Серік Теміржанов жаңа 63,5 келі салмақта өзінің жақсы қырын көрсетіп, Жамбыл спортшысы Алмас Дүйсенқұлдан айласын асырды. Сондай-ақ, тағы бір ел чемпионы Василий Самчук та алғашқы айналымда сүрінді.
Әлем чемпионатынан кейін ресми жарысқа қатыспаған Дулат Бекбауов та аралас жекпе-жекте бақ сынайтын Дастан Бекенге мүмкіндік бермеді.
Ең тартысты 80 келі салмақта кәсіпқой бокстан оралған әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет қарсыластарынан басым түсті.
Ертең 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта ширек финалдық жекпе-жектер өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ